“Көркемдік жетекші ештеңе шешпейді”: Тұңғышбай Әл-Тарази театрларда басшылық құрылымының дұрыс қалыптаспағанын сынға алды

Фото: видеодан скриншот

Өнер
275

Театр өнерінің қазіргі жағдайы жөніндегі комитеттің тақырыптық отырысында актер, режиссер Тұңғышбай Әл-Тарази театрдағы бірнеше мәселені ашып айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тұңғышбай Әл-Тарази театрларда басшылық құрылымының дұрыс қалыптаспағанын сынға алды. Оның пікірінше, қазіргі таңда көркемдік жетекшінің рөлі әлсіреген, ал негізгі билік директордың қолында.

Ұжымды бір ғана директор басқарады. Ал көркемдік жетекші деген лауазым орысша айтқанда, 'свадебный генерал' сияқты, ештеңе шешпейді. Шығармашылық ұжымды көркемдік жетекші басқаруы керек. Труппаны жасақтап, спектакльдерді қарап, репертуар саясатын ойлайтын да сол адам. Ал бізде қазір көркемдік жетекші жай әншейін әңгіме болып қалды, оның еш сөзі өтпейді, – дейді актер. 

Тұңғышбай Әл-Тарази театр әртістерінің бір айлық жалақымен күн көре алмайтынын және спектакльдерге бөлінетін қаржының аздығы өнер сапасына кері әсерін тигізіп отырғанын мәлімдеді.

Спектакльдерге облыстарда бөлінетін 4 млн теңге деген күлкілі, жаның ашиды. Жылағың келетін қаражат қой бұл. Бұл не деген немкеттілік? Облыс театрлары тоқалдан туған ба? Неге олар үлкен спектакльдерді қоя алмайды? Өнер деген арзан болмауы керек. Одан ақшаны аямау керек, – деп қынжылысын білдірді.

Актер сондай-ақ өңірлік театрларға бөлінетін қаражаттың әділетсіздігіне де назар аударды.

Қазір облыстарда 2-3 млн теңгеге спектакльдер қойылып жатыр. Бұл – үлкен мәселе. Әкімдер театрларға жіті назар аудармай отыр. Мұны реттеу керек, – деп түйіндеді.

PESTEL

Ульянов облысында оқушы қыздың тамағын кесіп, жертөлеге лақтырып кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайда LRT вагондарын құрастыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. «CTS&r...