Қытайлықтарды тағы таңқалдырған Димаш «Алтын әуен» сыйлығын жеңіп алды

Сурет: dimashnews.com

Өнер
1937

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық телеарналарда өнер көрсетіп, тағы таңқалдырды. Осылайша жерлесіміз "Біздің ән" атты музыкалық шоуында шоуда "Алтын әуен" сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Шоуда Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге "Red Moon Rules" әнін орындаса, тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге "Become a Poet" әнін шырқады.

Димаш тек ән айтып ғана қойған жоқ, бағдарлама кезінде қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті. Ал, қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.

Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы "Become a Poet" әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің "Алтын әуені" сыйлығын жеңіп алды.

"Біздің ән" музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды MadeniPirtal.kz. Қызылорда облысынд...