18 жастағы қыз құрбысын жезөкшелікпен айналысу үшін Таиландқа жібермек болған

Фото: Pixabay

PESTEL
248

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ болған. Ол күніне 400 долларға дейін табыс табуға уәде еткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz liter.kz-ке сілтеме жасап. 

Жас ұйымдастырушы құрбысын қылмыстық ұсынысқа көндіру үшін әуе билеттерін, тұру шығындарын және басқа да шығындарды толық өтеп беруге кепілдік берген.

12 қаңтар күні екеуі Ташкент – Бангкок бағыты бойынша Ташкент халықаралық әуежайына жол тартқан. Алайда олар межелі жерге жете алмады — құқық қорғау органдары қыздарды ұстап, қылмыстық схеманың жолын кесті.

Қыздардың екеуінен де ұялы телефондар, шетелдік төлқұжаттар және әуе билеттері тәркіленді, бұл құжаттар қылмыс жасау ниетін растаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 2-бөлігі (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізілуде, құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын және мүмкін болатын сыбайластарды анықтауда. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл әлі күнге д...