300-ге жуық жолаушысы бар алып ұшақ радарға соғылды

Фото: depositsphotos

PESTEL
106

Анталья әуежайына қонған Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы тұраққа қарай бет алу кезінде радиолокациялық радар мұнарасына соғылып, зақымданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Hurriyet басылымына сілтеме жасап. 

Ыстамбұл - Анталья бағытында рейс орындаған Boeing 777 ұшағы әуежайға сәтті қонған. Алайда тұрақ орнына қарай бағытталатын жолақпен келе жатып, басқарудан жаңылысып, қате бағытқа бұрылып кеткен.

Осы әрекеттің салдарынан ұшақ  әуе қозғалысын басқару жүйесіне тиесілі радар мұнарасына соғылды. Turkish Airlines компаниясының мәлімдеуінше, бортында 267 жолаушы болған ұшақ ішіндегі адамдардың барлығы дереу эвакуацияланды.

Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алған. Соққыдан ұшақ пен радиолокациялық мұнараға зақым келді. Төтенше жағдайға қарамастан, Анталья әуежайы қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 

PESTEL

Үкімет ғимараттарына, мемлекеттік мекемелер мен білім беру мекемелеріне бүкіл ел бойынша туларды жар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын талқылау жалғасуда. Әсіресе, ең көп талқыланы...