34 жылдан кейін Израиль мен Ливан көшбасшылары алғаш рет келіссөз өткізеді

Фото: AFP

PESTEL
356

Израиль мен Ливан 16 сәуір күні 34 жылдан бері алғаш рет мемлекет басшылары деңгейінде келіссөз жүргізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Израиль мен Ливан арасында аз да болса үзіліс орнатуға тырысып жатырмыз. Екі ел көшбасшыларының соңғы рет сөйлескеніне шамамен 34 жыл өтті», – деп жазды ол.

15 сәуірде Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливанның оңтүстігінде ауқымды операция жүргізілгенін мәлімдеді. Бір тәулік ішінде әскери күштер Хезболла ұйымының 200-ден астам инфрақұрылым нысанын жойған. Шабуылдар негізінен маңызды әскери нысандарға, соның ішінде зымыран ұшыру қондырғыларына бағытталған.

Ал 11 сәуірде Al Jazeera Ливан денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл операциялар орталығына сілтеме жасап, наурыз айының басынан бері Израиль шабуылдарының салдарынан 2020 адамның қаза тапқанын, тағы 6436 адамның жараланғанын хабарлаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ит етінің қоғамдық тамақтану орындарында сатылып жатқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес кел...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Астана мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл...