Иран әуе кеңістігі қайта ашылды: рейстер біртіндеп іске қосылады

Фото: Pixabay

PESTEL
978

Иранның Азаматтық авиация басқармасы 18 сәуір таңынан бастап елдің әуе кеңістігі ішінара ашылғанын мәлімдеді. Бұл туралы бірқатар БАҚ, соның ішінде Tasnim агенттігі мәлімдеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, сенбі күні жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бастап елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі қайта ашылған. Мұндай шешім Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде жағдайды талқылағаннан кейін, ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып қабылданған.

"Осыған сәйкес, сондай-ақ ұшқыштарға арналған ресми хабарлама (NOTAM) негізінде 18 сәуір күні таңғы сағат 07:00-ден бастап елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежайлар ашылды", – делінген басқарма мәлімдемесінде.

Сондай-ақ әуежайлардың жұмысы әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай кезең-кезеңімен қалпына келтірілетіні хабарланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...