АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Бруклин-Парк қаласында шағын ұшақ тұрғын үйге құлап, борттағы барл...
Әйгілі Луврды тонаған 3 күдікті ұсталды
Фото: HOUPLINE-RENARD/SIPA
Париж полициясы Лувр музейін тонауға қатысы бар үшінші күдіктіні ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 19 қазанда болды. Белгісіз адамдар Париждегі әлемге әйгілі Лувр музейінен жалпы құны 88 миллион еуро болатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын.
Тергеу барысында полицейлер үш күдіктіні анықтаған. Олардың екеуі өткен сенбі күні ұсталып, «ұйымдасқан түрде тонау» және «қылмыстық топ құрамында әрекет ету» баптары бойынша айып тағылған. Бұл баптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салу жазасы қарастырылған.
Ал үшінші күдікті 29 қазанда Париж маңында қолға түсті. Қала прокуроры Лора Бекконың айтуынша, ұсталған екі күдікті өз кінәсін ішінара мойындаған.
«Қылмыстық топтың барлық мүшесі анықталған жоқ, тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ұрланған әшекейлер табылған жоқ», – деді прокурор баспасөз жиынында.
Тергеу аясында жиырмаға жуық куәгерден жауап алынған.
Күдіктілердің бірі сағат 20:00 шамасында Руасси әуежайында ұсталған. Ол Алжирге қашып кетпек болған. Екіншісі сол түні сағат 20:40-та өз үйінің жанында қолға түскен.
Француз прокуратурасы бұл істі мемлекеттік маңызы бар мәдени құндылықтарды ұрлау ісі ретінде қарастырып отыр. Тергеу жалғасып жатыр, ұрланған зергерлік бұйымдар әлі күнге дейін табылған жоқ.