АҚШ Иранға құлаған пилотты құтқарғанын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
1161

Иранда атып түсірілген F-15 әскери ұшағының ұшқышы құтқарылды деп мәлімдеді Трамп, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

New York Times газеті дереккөздеріне сілтеп, АҚШ пен Иран әскерилері ұшқышты табу үшін «өлім мен өмір деп екі күн жарысқа түскенін» жазады. Ал ұшқыш бір күннен аса уақыт Иранның тауларында жасырынған, қолында тек тапанша болған дейді. Әскеридің қайда екенін басында америкалықтар да, ирандықтар да білмеген. 

Газеттің дерегінше, ЦРУ Иран әскерилерін шатастыру үшін ұшқыш құтқарылды деп дезинформация таратқан. Кейін ЦРУ ұшқыштың қайда екенін анықтап, Пентагонға берген. 

Бір ұшқышқты құтқаруға АҚШ-тың жүздеген солдаты мен арнайы жасағы, ондаған ұшақ пен тікұшақ қатысқан. Газет дереккөздерінің сөзінше, АҚШ-тың шабуылдаушы ұшақтары ұшқыш жасырынған жерге Иран әскерін өткізбес үшін ирандық отрядтарға соққы жасаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...