Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
1205

Индонезияның Тернате қаласының батысында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі аралдан шамамен 127 шақырым қашықтықта орналасқан, ал жер сілкінісінің ошағы 35 метр тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулерінен кейін Индонезия, Малайзия және Филиппин үшін цунами қаупі жарияланды. Құзырлы органдар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...