Apple корпорациясы Қытайда жаңа iPhone Air моделін сатылымға шығара алмады. Бұл туралы South China M...
Әуе компаниясы өз ұшағын 13 жылдан кейін басқа елден кездейсоқ тауып алды
Фото: Pixabay
Үндістандық әуе компаниясы 2012 жылдан бері Калькутта әуежайында тастап кетілген өз жолаушы ұшағын кездейсоқ тауып алды. Тасымалдаушы ұшақтың қайда екенін тек әуежай өкілдері әуе компаниясынан әуе кемесін алып кетуді сұрағаннан кейін ғана білген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz mir24.tv-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ әуе компаниясына 85 мың фунт стерлинг (58 миллион теңге) көлемінде шот ұсынылды. Бұл сома — тұрақ орнын пайдаланғаны үшін жиналған қарыз.
Әуе компаниясының өкілдері ұшақ бастапқыда 2007 жылы ұлттық флагман тасымалдаушымен біріктірілген мемлекеттік Indian Airlines компаниясының атына тіркелгенін түсіндірді. Кейінірек оны Үндістанның пошта қызметі жүк рейстері үшін жалға алған.
Ұшақ көптеген жыл бұрын пайдаланудан шығарылған және ресми құжаттарда мүлде аталмаған. Осыған байланысты тасымалдаушы бұл әуе кемесінің өзіне тиесілі екенін білмеуі де мүмкін, сондықтан оны іздеуге ешқандай шара қолданбаған, деп жазады The Daily Mail.