Әуежай өз салмағын көтере алмай суға кетуі мүмкін

Фото: yandex.by

PESTEL
1984

Жапонияның Осака шығанағындағы екі жасанды аралда орналасқан Кансай халықаралық әуежайы инфрақұрылымның салмағына байланысты су басу қаупіне душар болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Әуежай 20 миллиард долларға салынып, 1994 жылы ашылды. Қазір ол жылына 30 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Әуе айлағын Жапонияның құрлық бөлiгiмен 3,75 шақырымдық көпiр қосып тұр. 

«Әуежай конструкторлары жобалау және құрылыс кезінде жер сілкінісі мүмкіндігін де ескеріп, ұшу-қону жолақтарына арнайы асфальтбетон қоспасы төселді, ол жолдың серпімділігі мен деформацияға төзімділігіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ең үлкен проблема әуежайдың өз салмағы болып тұр. Ол тұнба мен балшықтан тұратын теңіз түбіне қысым жасаған сайын отыра бастаған» деп жазады басылым. 

Әуежай жұмыс істей бастаған алғашқы жылдарда инженерлер оның 50 жыл ішінде 8 метрге дейін төмендейтінін болжаған, бірақ бұл көрсеткіш бүгінде кері нәтиже беріп отыр.  Қазір әуежай 11,5 метрге төмендеді, 2056 жылға қарай құрылым толығымен су астына кетуі мүмкін.

Кансай әуежайында әлемдегі ең ұзын терминал ғимараты бар, ол - 1,7 шақырым болады. Ол сондай-ақ өзінің теңдеме жүкті өңдеудегі ерекше көрсеткіштерімен танымал. Қолданысқа берілгелі бері жолаушылар жүктерінің бірде-бірі жоғалған емес. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...