Балалар мінген автобус шатқалға құлады: 25 адам қаза тапты

Источник: Direct Brut / X

PESTEL
899

Кабо-Вердеде балалар мен жасөспірімдер мінген автобус жолдан шығып, шатқалға құлады. Салдарынан 25 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жергілікті Inforpress агенттігінің мәліметінше, жол апаты Фогу аралында болған. Автобуста негізінен балалар мен жасөспірімдер болған.

Кабо-Верде президенті Жозе Мария Перейра Невеш қайғылы жағдайға байланысты пікір білдіріп, алғашқы мәлімет бойынша 21 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Кейін жергілікті БАҚ құрбандар саны 25-ке жеткенін мәлімдеді.

«Мен Фогу аралында болған ауыр жол апаты туралы жаңа ғана білдім. Бұл – нағыз қайғылы жағдай. Оның себептері әзірге маған белгісіз», – деді президент.

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...