Диспетчер ұйықтап қалып, ұшақ жарты сағат қона алмай жүрген

Фото: airlins air

PESTEL
2558

Air Corsica компаниясының Париж–Аяччо бағыты бойынша рейсі Аяччо әуежайына жақындаған кезде шамамен жарты сағат бойы әуе үстінде ұшып жүрді. Себебі, әуежай диспетчері кезегінде жалғыз болып, ұйықтап кеткен деп хабарлайды MadeniPortal.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Диспетчер ұйықтап қалғандықтан, 2 400 метрлік бір ғана ұшу-қону жолағының жарығы қосылмаған. Пилоттар нұсқаусыз қалды, радиобайланыс арқылы байланысу әрекеттері нәтиже бермеді. Алайда әуежайдың өрт қызметі полицияны шақырып, қызметкерлер ояттып алған.

Францияның авиациялық басқармасы инцидентті «беймәлім жағдай» деп сипаттап, ішкі тергеу жүргізуге кірісті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...