Ауқымды өрт салдарынан 30-дан астам сауда орны жанып кетті

Фото: ЖИ

PESTEL
413

Ирактың Духок қаласына қарасты Захо ауданындағы босқындар лагерінде электр желісіндегі қысқа тұйықталудың салдарынан өрт шықты. Алдын ала мәліметке сәйкес, кемінде 30 дүкен жанып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Захо қаласының азаматтық қорғаныс директоры Джемаль Хасан өрттің таңертең болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, Бацид Кендал босқындар лагерінің базарында ірі өрт тіркеліп, соның салдарынан 30-дан астам сауда орны толықтай жанып кеткен.

Хасан өрттен адам шығыны болмағанын, алайда келтірілген шығынның ауқымды екенін айтты. Шығын көлемі тергеу аяқталған соң нақтыланып, ресми мәлімдеме жасалмақ.

Өрттің шығуына электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған. Қатты желдің салдарынан оттың лагерь аумағына тарау қаупі болғанымен, құтқарушылар өртті екі сағатқа жетпей оқшаулай алды.

Бацид Кендал лагерінің тұрғындарының басым бөлігін Синджар мен оған іргелес аумақтардан келген езид босқындары құрайды. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...