Илон Маск Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

Фото: CNBS

PESTEL
200

Илон Маск Украинадағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Америкалық миллиардер Илон Маск еуропалықтар мен неоконсерваторларды соғыс өртін тұтандырушылар деп атады. 

Ол X әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың бірінің жазбасына пікір білдірді.

Қолданушы еуропалықтар мен неоконсерваторларды Украинадағы соғысты ұзартуға тырысып отыр деп айыптаған. 

"Олар — қантөгісті қалайтын, соғыс өртін тұтандырушылар", — деп жазды Маск өз парақшасында.

Илон Маск — америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең танымал миллиардерлердің бірі. Ол Tesla электр көліктерін өндіретін компанияның басшысы, SpaceX ғарыш компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Сондай-ақ Маск 2022 жылы Twitter әлеуметтік желісін сатып алып, кейін оның атауын X деп өзгертті. Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы әлемдік саясат пен халықаралық оқиғаларға қатысты пікірлерін жиі жариялап отырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған Volkswagen Passat жүргізушісі жолаушылар авт...