60 адам көз жұмды: Қарлы боран салдарынан адамдар қаза табуда

Фото: arasha.kz

PESTEL
3356

Ауғанстанда қатты қысқы борандар мен мұзды жаңбырдың салдарынан кемінде 60 адам қаза тауып, тағы 110 адам жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Табиғи апат салдарынан 458 үй толық немесе ішінара қираған. Соның салдарынан 360 отбасы зардап шекті. Сондай-ақ қарлы боран, бұрқасын мен мұзды жаңбырдың салдарынан 620 бас үй жануары қырылғаны белгілі, деп жазады Afghanistan International.

Ең үлкен шығын таулы және ауылдық аймақтарда тіркелген. Бұл өңірлердегі инфрақұрылым мұндай табиғи жүктемелерге бейімделмеген. Қарлы боран сәрсенбіден жұмаға дейін жалғасып, көлік қатынасы мен энергиямен қамту жағдайын күрделендірген.

Қазіргі уақытта қар құрсауы елдегі негізгі автомагистральдар мен өңірлік жолдардың басым бөлігін жауып тастаған. Билік қар көшкіні қаупі бар екенін ескертуде. Сонымен қатар электр беру желілерінің зақымдануы мен бағаналардың құлауына байланысты шетелден импортталатын электр энергиясының берілуі тоқтатылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сәбит Оразбаев бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол...