Үш күн тоқтамаған нөсерден 62 адам көз жұмды

фото: apnews.com

PESTEL
173

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан кемінде 62 адам қаза тапты. Тағы 46 адам зардап шеккен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы 24KZ жазды. Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Табиғи апат салдарынан мыңға жуық үй бүлінген. 28 қыркүйекте штаттың бірқатар ауданында мектептер уақытша жабылды.

Қазіргі уақытта құтқарушылар су басқан елді мекендердегі тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Жергілікті билік халықты су басқан аудандарға бармауға, ағысы қатты өзендерге, жылғалар мен су ағатын арналарға жақындамауға шақырды.

Аймақтық метеорологиялық орталықтың болжамынша, штат астанасы Лакхнауда жауын-шашынның қарқыны біртіндеп бәсеңдейді. Алайда Уттар-Прадештің шығыс және батыс бөліктерінде 29 қыркүйекке дейін жаңбыр жаууы ықтимал.

Су тасқыны Үндістанның шығысындағы Одиша штатына да әсер етті. Онда 75 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Қолайсыз ауа райы көршілес Непалға да жеткен. Елдің табиғи апаттарды басқару жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметінше, 21 адам қаза тауып, тағы бес адам із-түзсіз жоғалған. Бес тұрғын жарақат алып, су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 194 үй бүлінген.

СПОРТ

Қазақстандық Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында бірінші келді, бірақ алтын медаль ала алмады. World...

СПОРТ

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы А...