Түркияның Анталья қаласында құйын құрылыс алаңын қиратты: төрт жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Mad...
Круизбен саяхатқа шыққан лайнерде 150 адам бір уақытта ауырып қалған
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Caribbean Princess круиздік лайнерінде белгісіз вирустық инфекция таралып, 150-ге жуық адам ауруға шалдықты. Бұл туралы Fox News мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Кариб теңізі арқылы сапарға шыққан лайнерде 134 жолаушы мен 14 экипаж мүшесінің асқазан-ішек жолдары сырқатына шалдыққаны анықталған. Олар құсу және іш өту белгілеріне шағымданған.
Princess Cruises компаниясы Caribbean Princess кемесіндегі жолаушылардың аздаған бөлігінде жеңіл асқазан-ішек жолдары бұзылғанын растайды. Экипажымыз дереу әрекет етіп, кеменің барлық аумағында санитарлық талаптарды күшейтті. Атап айтқанда, тазалау және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, – делінген компанияның мәлімдемесінде.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметінше, кеме 11 қарашада жолға шыққан және 23 қарашада кері оралуы тиіс. Лайнер бортында барлығы 2 936 жолаушы мен 1 132 экипаж мүшесі бар.
Инфекцияның таралу себебін анықтау үшін науқастардан зертханалық сынамалар алынған. Алайда CDC мәліметінше, талдау нәтижелері әлі дайын емес.
Денсаулық сақтау мамандары круиздік кемедегі аурудың нақты себебін анықтауға уақыт қажет болуы мүмкін екенін айтады.