Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 26 адам қаза тапты

Фото: ЖИ/Arasha

PESTEL
714

Үндістанның Ассам штатында шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 26 адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында сабақтан үйіне қайтып келе жатқан студенттер де болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 13 қарашада Казиранга ұлттық паркі маңындағы тасжолда болған. Жолаушылар мінген шағын автобус контейнер таситын жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан тағы 20 адам жарақат алған.

Соққыдан автобус қатты бүлініп, бірнеше жолаушы көлік ішінде қысылып қалған. Оларды шығаруға полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар да көмектескен. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Қаза тапқандардың арасында бір әулеттің үш қызы бар: екі апалы-сіңлілі мен олардың туысы. Олар тұрмысқа шыққан әпкесіне қонаққа бара жатқан. Екеуі оқиға орнында көз жұмса, үшіншісі келесі күні ауруханада қайтыс болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға туралы оқырман Telegram-ботқа жазып хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы сол сыныпта оқиды, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Өзг...