Автобус пен жүк көлігі соқтығысты: жантүршігерлік апаттан 23 адам қаза тапты

Фото: Tuko News

PESTEL
169

Танзанияның оңтүстігінде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, 23 адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында кішкентай балалар да бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 9 қарашада елдің Иринга өңірінде, Иринга – Мбея тасжолындағы Кипонзело қиылысында болған. Maokoto Bus Services компаниясына тиесілі жолаушылар автобусы Scania маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Бастапқыда полиция 21 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Олардың арасында 10 ер адам, 9 әйел және 3 пен 5 жас аралығындағы екі ұл бала болған. Тағы бес адамның жарақат алғаны айтылды.

Алайда кейінірек Иринга өңірлік ауруханасының өкілі Альфред Мвакалебела қаза тапқандар саны 23 адамға жеткенін мәлімдеді. Жаңартылған мәлімет бойынша, төрт адам жарақат алған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобус қосалқы жолдан негізгі тасжолға шығып келе жатқанда жүк көлігімен соқтығысқан. Апатқа тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар полиция автобус жүргізушісінің жолға шығар алдында қауіпсіздікке толық көз жеткізбеуі де апатқа себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Танзания президенті Самия Сулуху Хасан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуге шақырды.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар жол апатының себептерін анықтап жатыр.

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында оқушылардан ақша бопсалап, айтқанына көнбегендерді ұрып-соғатын бе...