Пойызда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 10 адам жарақат алды

Фото: ВВС

PESTEL
1374

ВВС мәлімдеуінше Англияның Кембриджшир графтығында білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға сенбі күні кешкісін Кембриджшир графтығында Анлияның солтүстік-шығысындағы Донкастер қаласынан Лондондағы King's Cross вокзалына кетіп бара жатқан пойызда болған.

Оқиға туралы хабардар болысымен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оқиға орнына, яғни, Кембриджширдегі Хантингдон станциясына жиналды. Пойыз бұл станцияға жоспардан тыс тоқтаған болатын.

Полиция 9 адамның ауыр жарақатпен ауруханада жатқанын хабарлады. Тағы бір адам ауруханада жарақатын емдетіп жатыр, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде екі адам тұтқындалды.

Тергеу терроризмге қарсы бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Полиция бұл ауданда пойыздардың тоқтатылғанын хабарлады. Сонымен қатар көлік қозғалысына да шектеу қойылған. 

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде жолаушылар пойызындағы купеге әйелдер мен ерлер бөлек отырғызылуы мүмкін. "Қазақстан темірж...