Танымал бизнесмен Луврдан ұрланған әшекейлерді сатып алып, басқа музейге бермек

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
1169

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі Лувр музейінен ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

19 қазан таңертең бетперде киген төрт қарақшы Луврдан Наполеон дәуіріне тиесілі сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен. Олар императрица Евгенияның тәжін де алмақ болған, бірақ қашу кезінде түсіріп алыпты. Кейін тәж музей маңынан табылған.

Қарақшылардың шабуылы бар болғаны алты-жеті минутқа созылған. Олар от қаруын қолданбағанымен, күзетшілерді болгаркалармен қорқытқан. Қазірге дейін ұрланған әшекейлер табылған жоқ.

Алайда Павел Дуров оларды сатып алуға дайын екенін айтып, бұйымдарды Францияға қайтармайтынын жеткізді.

«Ұрланған әшекейлерді қуана-қуана сатып алып, Луврге қайтарамын. Дегенмен мен Париждегі емес, Әбу-Дабидегі Луврді айтып отырмын. Әбу-Даби Луврінен ешкім ұрламайды», — деп жазды Дуров. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal....