Трамп Қытай Иранға қару бермеуге келіскенін мәлімдеді

Фото: Pool/Getty Images

PESTEL
970

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Вашингтонмен Иранға қару-жарақ жеткізбеу туралы келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Олар Иранға қару жеткізбеуге келісті", деп жазды Трамп Truth Social-да. 

Сондай-ақ ол алдағы апталарда Қытайға барып, Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

АҚШ пен Иран қазір келіссөздің екінші кезеңін талқылап жатыр деп жазды Батыс басылымдары. Кездесу келесі аптаның соңында Исламабадта өтуі мүмкін. 

Bloomberg тараптар 21 сәуірде аяқталатын уақытша бітімді тағы екі аптаға ұзартуды да қарастырып жатыр деп жазды. 

Негізгі түйткілдер:

• Иранның ядролық бағдарламасы;

• Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы; 

Алғашқы кездесу 11 сәуірде Пәкістанда өтіп, нәтижесіз аяқталған.

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аудард...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шығып, олардың бірінен пышақ табылды...