Үндістанда маймылдар ер адамды тістеп өлтірді

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1261

Daily Mail мәліметінше, оқиға 67 жастағы Рамнатх Чаудхари малға шөп жинау үшін егістікке шыққан кезде болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кенеттен маймылдар оған тап беріп, жерге құлатып, көптеген жарақат салған. Чаудхари көмекке шақырғанымен, жанында ешкім болмаған. Ауыл тұрғындары айқайға жүгіріп келгенде, ер адам ауыр халде жатқан. Оны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.

Шаруаның қазасы ауыл тұрғындары арасында дүрбелең туғызды. Олардың айтуынша, маймылдар тобы бірнеше айдан бері адамдарға шабуылдап, тістеп, мүлікті бүлдіріп жүр. Бірақ бұған дейін мұндай жағдай адам өліміне әкелмеген.

Полиция орман шаруашылығы департаментіне жүгініп, жануарларды ұстап, басқа жерге көшіруді сұрады.

Біз тұрғындарды сақ болуға және мұндай маймылдарға жақындамауға шақырамыз, – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...