Францияда оқушылардың жалғасып жатқан наразылық акцияларына байланысты 5 қазанда 400-ден 500-г...
«Үш әйел таксисті зорлаған»: полицияға шағымданған жүргізуші күтпеген жағдайға тап болды
ашық дереккөз
Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімдеді. Ер адам басынан өткен жағдайды жергілікті радиостанция эфирінде айтып берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Жүргізушінің айтуынша, ол Касоа ауданынан үш әйелді көлігіне отырғызып, белгіленген мекенжайға жеткізген. Кейін жолаушылар келесі күні таңертең өздерін қайта алып кетуді өтінген.
Ер адам келісілген уақытта келгенде, әйелдер мекенжайды нақтылау сылтауымен оны пәтерге кіруге шақырған. Алайда жүргізуші ішке кірген бойда әйелдердің бірі есікті құлыптап, кілтті алып қойған.
Такси жүргізушісінің сөзінше, үш әйел оған күш қолданып, қозғалуына мүмкіндік бермей, жыныстық зорлық көрсеткен. Ер адам өзін босатуды бірнеше рет өтінгенімен, әйелдер оның сөзін елемеген.
Оқиғадан кейін әйелдер такси қызметінің ақысын төлеуден де бас тартқан.
Жәбірленуші әрең дегенде көлігіне жетіп, қатты әлсірегендіктен сол жерде екі сағаттай ұйықтап қалғанын айтты. Кейін полиция бөліміне барып, арызданған.
Алайда ер адамның мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары оның шағымына байыппен қараудың орнына, жағдайын күлкіге айналдырған.
Әзірге аталған оқиғаға қатысты полицияның ресми түсініктемесі мен күдіктілерге қандай да бір шара қолданылғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы жүргізушінің өз мәлімдемесіне негізделген.