Трамп Иранда ауқымды әскери операция басталғанын мәлімдеді

Фото: Анна Монеймакер

PESTEL
151

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Иран аумағында ауқымды әскери операцияның басталғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Дональд Трамптың айтуынша, әскери іс-қимылдардың басты себебі Америка халқын Иран режимінен төнетін тікелей қауіп-қатерден қорғау.

«Біздің мақсатымыз Иран режимінің қауіптерін жою арқылы америкалықтарды қорғау. Иран ешқашан ядролық қаруға иелік ете алмайды», — деді АҚШ президенті. 

Ақ үй басшысы Иранның ядролық бағдарламасын қалпына келтіру әрекеттері мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды әзірлеуіне жол берілмейтінін кесіп айтты. Трамптың мәлімдемесіне сүйенсек, АҚШ әскері келесі бағыттар бойынша соққы береді:

Иранның зымырандары мен оларды шығаратын зауыттары түгелдей жойылады;

Иранның теңіз күштерін істен шығару көзделген;

Ядролық қару жасауға мүмкіндік беретін барлық нысан залалсыздандырылады.

Трамп Иранның зымырандық әлеуетін «жермен-жексен ететінін» ескертіп, бұл қадамдардың әлемдік қауіпсіздік үшін жасалып жатқанын алға тартты. Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісіп кетті. 

PESTEL

Қатар, Кувейт, БАӘ, Бахрейн және Сауд Арабиясында жарылыстар болғаны туралы хабарланды, бірқатар елд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Теміртау қаласының тұрғындары өз беттерінше құбыр жөндемек болып, соның салдарынан 26 үй жылусыз қал...