Үндістанның IndiGo әуе компаниясының Делиден Ченнайға бет алған 6E 6115 рейсінің салонында пауэрбанк...
Екі сарбаз минаға түсті: Әскери тапсырма кезінде жарылыс болды
Фото: видеодан скриншот
922
Әзербайжан сарбаздары қызмет барысында минаға жарылды. Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.
11 мамыр күні Әзербайжан армиясының әскери қызметшілері Махаммад Алибаба оғлы Гусейнов пен Камиль Джамиль оғлы Гафланов Келбаджар ауданында қызметтік міндеттерін атқару барысында минаға жарылды. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Жараланған әскери қызметшілер жақын маңдағы медициналық пунктке эвакуацияланды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сарбаздардың жағдайы тұрақты екені, қазіргі уақытта олардың әскери-медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылды.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.