Бір топ қандас Қазақстан халқына үндеу жасады

видеодан алынған скрин

ҚАЗАҚ КИНОСЫ
7760

23 қаңтарда продюсер, актёр Рамазан Амантайдың көптен күткен “Мәди in China” атты фильмі көрерменге жол тартады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туынды – Қарақалпақстан, Қытай, Өзбекстан және Моңғолия сияқты елдерден ата-баба мекеніне оралған қандастарымыздың тағдыры туралы әсерлі фильм болмақшы.

Фильм тек жеке тағдырларды емес, қазақ халқының ортақ құндылықтарын дәріптеп, баршаны бөлінбеуге, бөлмеуге, бірлікке үндейді екен.

Ең қызығы, бұл туындыны қолдау мақсатында Қарақалпақстан мен Өзбекстаннан келген қандастарымыз үндеу жариялап, барша Қазақстан халқына бірлік челленджін жолдады!

“Мәди in China” – сізді күлдіріп отырып жылататын, тебірентіп отырып терең ойға жетелейтін ерекше фильм деп Рамазан Амантай өз парақшасында ойын айта кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп, денесінің 10 пайызын...