Камера ойлап табылғаннан бері түсірілген фильмдер арасында соғыс тақырыбы қамтылған фильмдер аз емес...
Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» фильмінің әлемдік көрсетілімі «Берлин» кинофестивалінде өтеді
Отандық режиссер Асқар Ұзабаевтың «Бақыт» атты жаңа фильмі 2022 жылдың 10-20 ақпан аралығында өтетін 72-ші Берлин Халықаралық кинофестивалінің «Панорама» секциясының негізгі байқау бағдарламасына өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Фильмнің сценарий авторлары – Асқар Ұзабаев, Асем Жапишева, продюсерлері – Анна Качко, Баян Мақсаткызы.
«Бақыт» фильмінінің оқиғасы жағалаудағы қазақстандық шағын қалада өрбиді. Кейіпкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жеккөрушілік тобынан шығуға тырысып жүрген әркеттері мен тарихы туралы әңгімелейді. Күйеуі, әйелі және олардың ересек қызы – үш басты кейіпкер – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауыртпалығы мен қиындығын, өлім жазасына айналатын жәбірленушінің тағдырын көрсетеді.
Баян Мақсатқызы: «Армандар орындалады! Мен біздің жобаға сеніп, краудфандингке қосылғандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Біздің тарихымыздың арқасында біз еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды өзгерте аламыз және мыңдаған әйелдер бақытты болып, айналамыздағы әлем жарқын әрі мейірімді болады деп сенемін. Бұл туынды үлкен команданың күшімен жасалды, мен бәріне үлкен рахмет айтқым келеді! Алғашқы авторлық кино және алғашқы премьерасы өтетін алаң – Берлин халықаралық кинофестивалі! А класының кинофестивалі өте керемет! Қазақстандық көрермен біздің туындымызды осы жылдың көктемінде көре алады».
72-ші Берлин халықаралық кинофестиваліне келетін болсақ, ол осы жылы дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы ұйымдастырушылардың өздері ресми түрде мәлімдеді.
Фестиваль Франсуа Озонның жаңа туындысы — «Питер фон Кант» лентасымен ашылады. Осы жылы қазылар алқасының төрағасы ретінде әйгілі американдық сценарист, режиссер және продюсер М.Найт Шямалан қатысады.