24 жылға сотталған Бишімбаев колонияда жұмысқа тұрса, қанша жалақы алады

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Қоғам
360

Жуырда Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. ҚАЖК баспасөз қызметі ол колонияда өндіріске жұмысқа тұру арқылы қанша теңге таба алатынын айтып берді

Ведомство өкілдері сотталғандарды мекемелердің өндірістік учаскелеріне жұмысқа орналастыру Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылатынын түсіндірді. Сотталушыны жұмысқа қабылдауға оның жазбаша өтініші негіз болады. Жазасын өтеушілердің еңбегі екі формада – уақыт бойынша және келісімді жалақы түрінде төленеді. "Сотталушыларға уақыт бойынша төленген кезде еңбекақы белгіленген тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе нақты жұмыс істеген уақыты бойынша есептелінеді. Келісімді жалақы бойынша әр орындаған жұмыс немесе әр жасалған өнім үшін төленеді", - делінген хабарда. ҚАЖ мекемелерінде немесе кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтін бір сотталушының орташа жалақысы 25 мың теңгеден 200 мың теңге аралығында болады.

Ведомство өкілдері сотталушылардың жалақысынан заңда белгіленген мөлшерде (еңбекақы немесе өзге де кірістің кемінде 50 пайызы) ай сайын ұсталатын қосты. Шығынды өтеу тікелей сотталушының табысына байланысты.

ҚАЖК ақпаратынша, бұл барлық жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты қолданылады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...