Қыркүйекте актриса Баян Алагөзава түскен тағы бір фильм еліміздегі кинотеатрларда көрсетіледі, деп х...
"Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты": Қалдыбек Құрманәлі тың деректермен бөлісті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Жанқош Тұраров пен Әнару Қалдыбекқызының шулы оқиғасы әлі де елдің қызу талқысына түсуде, деп хабарлады madeniportal.kz kaz.caravan-ға сілтеме жасап.
Дереккөзде келтірілгендей қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызына қолдау көрсетінін айтқан.
Танымал журналист Гүлбану Әниятқызының хабарлауынша, қазіргі таңда Қалдыбек Құрманәлі қызын қолдау көрсетуде екен. Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында жариялады.
Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім” деп отыр. Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді.
Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты.