«Іш киімдеріме дейін әкетіңдер!»: Экс-министр Біртанов қазіргі жағдайы туралы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1362

Істі болған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекетке қарызын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Sкifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол «Ne boldy» YouTube арнасына берген сұхбатында баяндады.

Оның айтуынша, ол және орынбасары Олжас Әбіш үкіметке 1,3 миллиард теңге қарыз. Бұл ақшаны төлеу міндетін екеуі бөліп өтейін деп жатыр.

«Сотта біздің кінәміз дәлелденбесе де, біз қазір Олжас екеуіміз бұл соманы бөліп төлеуіміз керек. Ақшаны төлеу аяқталған соң босатыламыз. Бұл қарызды тең бөліп төлеу деген қағида жоқ. Егер менің айлығым көп болса, мен 1 миллиард теңгені, ал Олжас қалған ақшаны төлеуге тиіс. Біз бұл қаражатты денсаулық сақтау министрлігіне қайтаруымыз керек. Сонымен қатар, біздің мүлкілеріміз де тәркіленді. Алматыда әкем екеуміз 2005 жылы соққан үйіміз бар, сол үй арестте тұр. Біз үйді сатып, ақшаны үкіметке төлеуіміз керек», — деді экс-министр.

Ол сондай-ақ өздерінің мүлкіне қатысты бірқатар жағдайды да айтып өтті.

«Үйімізді тінту жүргізген кезде «теледидарыңызды аламыз» деп айтады. Алсаңыздар, алыңдар, тіпті іш киімдеріме дейін әкетіңдер деп айтамын. Бірақ оған дейін жеткен жоқпын, себебі заң бойынша біз Қазақстан азаматтары ретінде жұмыс істеуге, отбасымызды асырауға құқылы екенімізді білемін. Бізге мемлекеттік қызметтен басқа жұмыстарды істеуге рұқсат берілді. Алған жалақымыздың тең жартысын үкіметке төлеп отырмыз», — деп түсіндірді ол. 

Сонымен қатар Біртанов қарызды қайтару үшін ай сайын 3 миллион теңге төлеуге тура келетінін жасырмады.

 «Қазақстанда ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас екен. Біз сол жасқа дейін бұл қарызды толық қайтару үшін айлық табысымыз 6 миллион теңге болуы керек. Егер ай сайын 3 миллион теңге төлесек, 71 жасқа дейін қарыздан құтыламыз. Бірақ мен бір күні бұл шешімнің толық жойылатынына сенемін», — деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...