Президент: Біздің елді шетелдіктер «ескерткіштер елі» деп атайтын болды

Құрылтай
1584

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотосурет: Ақорда

«Әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан, шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды, деді Президент. 

Мемлекет басшысы шетелдіктер біздің елді «ескерткіштер елі» деп атайтынын ескеріп, ата-бабасының атына көше беру, ескерткіш қоюды ұсынып ұжымдық хат жазатындардың қатары қалыңдап бара жатқанын тілге тиек етті.

Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды.

Президент ономастика саласында Республика, Бірлік, Тәуелсіздік сынды ұғымдарға баса назар аудару керек екенін атап өтті.

Ономастика саласында белгілі тарихи тұлғалармен қатар, жалпыұлттық құндылықтар да назардан тыс қалмауға тиіс. Тәуелсіздік, Республика, Бірлік сияқты мемлекеттілігіміздің басты тұғыры саналатын негізгі ұғымдарға баса мән беру керек. Елдігімізді сақтаймыз, мықты мемлекет боламыз десек, осының бәрін естен шығармаған абзал», – деді Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Латын Америкасындағы ең қауіпті қылмыс серкелерінің бірі жойылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысының Ақсу қаласында үшінші қабаттың терезесінен құлаған үш жасар бала ауруханада көз ж...