Ағасын балталап өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
1329

Өзбекстанда ер адам туған анасын қорлағаны үшін ағасын балталап өлтірді, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші мас күйінде ата-анасының үйіне келіп, анасын қорлаған. Оның туған інісі бұл әрекетке шыдамай, ашуға булығып, балта алып, бірнеше соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.

Денау аудандық соты айыпталушыны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл бап «шарасыз күйдегі адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру» әрекетін қарастырады.

Сот үкімі бойынша, ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...