Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы табылмай жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
114

Алматыда үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй табылмай жатыр. Элита санатындағы тұрғын үй кешенінде бақылау камерасы толып тұрғанымен, біреуі де істемейді екен, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сондықтан күдіктінің түр-әлпетін де дереу анықтау мүмкін болмапты. Ал қарақшыға қарсылық танытып, оқтан жараланған күйеуі мен әйелі қазір ауруханада жатыр. Бірнеше ота жасалып, жағдайы жақсарған.

Қаланың жоғарғы жағындағы Nef Uptown кешеніндегі қылмыс 20 желтоқсанда таңда болған. Қара киініп қаруланып алған ұры пәтерге айламен кіріп алыпты.

Болжам бойынша, күдікті пәтерге кірмес бұрын, іштегі жарықты өшірген. Полицейлердің саусақ ізін алғанын қызыл бояудан байқауға болады. Сөйтіп қаскөй уақыт өткізіп барып, жарықсыз қалған үй ішіне өзін "электрикпін" деп таныстырып, есігін ашып алған.

Кіреберістегі қабырға тесіліп, жарылып кеткен. Еден мен жиһаз қып-қызыл қан. Атыстан кейін түсірілген видеодан ерлі-зайыптының ұрымен біраз алысқанын аңғаруға болады.

"Үндемей кіріп келген. Бір соққан. Сөйтіп, жатқызған. Байлап жатқан кезде күйеуі шыққан. Сол кезде екеуі төбелескен. Сол кезде әйелі пышаққа барған. Сол кезде үш рет атқан ғой. Балалармен қар күреп жатқанбыз. Еркек "бізге шабуыл жасап жатыр" деп айқайлады. Біз жүгіріп бардық", - дейді тұрғындар. 

Тапаншаның оғы, көршілерінің айтуынша, 40 жастағы әйелдің кеуде тұсы мен білегіне, 39 жастағы күйеуінің қолына тиген. Екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізіліпті. Ер адамға бірден ота жасалып, аман қалды. Қазіргі жағдайы орташа деп бағаланған. Енді операцияға әйелі де түсейін деп тұр.

"40 жастағы пациент №7 клиникада политравма бөлімшесінде стационарлық деңгейде емделіп жатыр. Сол жақ білек анотомиясын қалпына келтіру үшін ота жоспарланады", - дейді №7 аурухананың бөлім меңгерушісі Рамазан Әскеров. 

Тергеу мәліметінше, қаскөй пәтерді тонамақ болған. Алайда жоспары жүзеге аспаған соң, полицейлер жеткенше ізін суытып үлгеріпті. Оның қай бағытқа қарай қашып, қайда жасырынып жатқаны белгісіз. Тұрғын үй кешенінде бақылау камералары болғанымен, олар істемейді. Күдікті үш күннен бері табылмай жатыр.

"Наурызбай ауданы ПБ қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысты ашуға бағытталған кешенді тергеу, іздестіру жүргізіліп жатыр" - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оқтан жараланған отағасы сақтандыру компаниясында жұмыс істейді екен. Ал әйелі үйде бала бағып отыр.

Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда брифингте Әзірбайжанға тиесілі ұшақтың құлауын...

Жаңалықтар

Нью-Йорк метросында мемлекет ішінде заңсыз жүрген иммигрант әйелді тірідей өртеп жіберді, деп хабарл...