Ақтөбеде 19 жасар жігіт 10 жылға қамалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
1450

Ақтөбеде 19 жасар жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлады madeniportal.kz Orda.kz сілтеме жасап.

Есірткі таратпас бұрын жас жігіт өзінің жұмыс берушісіне жеке куәлігінің көшірмесін, психоневрологиялық және наркодиспансерден алынған анықтамалары мен фотосуретін жіберіпті.

Артынша жасырып кеткен 25 бума психотроптық  мефедронды алып кетіп, басқа орындарға таратуды жоспарлаған. Алайда, полиция қызметкерлері оны «Ақтөбе-1 – Жіңішке» станциялары арасындағы теміржол жолда ұстады. Жеке тінту кезінде одан 3 грамнан астам есірткі табылды. 

Айыпталушы сотта кінәсін ішінара мойындады. Ол мефедронды өзіне сатып алғанын, ал ұсталмас бұрын 18 буманы қолданғанын айтты. Қызығы, ол телеграмдағы әңгімелесушісіне қаладағы әртүрлі жерлерден түсірілген 18 сурет жіберіпті. Алайда айыпталушы суреттерде есірткі жасырған жерлер  көрсетілмегенін және есірткі таратпағанын айтты.

Сот айыпталушының шынымен де есірткіні жасырын орындар арқылы заңсыз таратқанын анықтап,  жігітке 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол ережесін бұзған 32 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергі...