Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс
2128

Алматылық полицейлер арнайы іс-шара барысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Олар: үш ұры мен бір ұрланған затты сатып алушы, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.

«Бір қызығы, қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне үштік көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Ұсталғандар қамауға алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...