БҚО-да өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімге қатысты іс сотқа жолданды, де...
Қазақстандықтардың жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды
2730
Ақпараттандыру және байланыс саласында құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.