Алматыда бопсалаумен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлады madeniportal.kz. Ұсталғандарға қатысты &...
84 млн теңгеден аса шығын келтірген
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, тергеп-тексеру кезінде Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталған.
"Көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген. Тергеп-тексеру жүріп жатыр, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді", - деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.