Шетелдіктер тобы астаналық ломбардтардың бірінен 46 млн теңгені тонап кеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
1854

Астанада полиция алтын ұрлағандарды ұстады,  деп хабарлады madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды.

Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Күдіктілер оқиға орнынан қашып, қаладан ізін суытып, елдің батыс аймағына бет алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысты.

Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды. Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жаппай төбелес болып, оның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлады MadeniPo...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...