Алматыда ҰҚК жасырын қылмыс жасағандарды ұстады

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыс
437

8 қарашада ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жаңалықтар

Абай облысының әкәмі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. “Мемлекет басшысы...

САЛТ-ДӘСТҮР

Қоғамда екі орайлы адамдар көп кездеседі. Ол орай қазақ дәстүрінде нені білдіреді? Бұл туралы Madeni...