10 мамыр еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
375

Синоптиктер 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің барлық аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні Қазақстанның барлық өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар, синоптиктер бұршақ жауып, қатты дауыл соғатынын ескертті. Әсіресе еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, сондай-ақ шығыс өңірлерінде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ал елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Мамандар еліміздің кейбір өңірінде өрт қаупінің жоғары болуына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады. 

Төтенше өрт қаупі өте жоғары өңірлерге Қызылорда облысының шығысы, Абай облысының оңтүстігі мен орталығы, Жетісу облысының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігі жатады. Ал жоғары өрт қаупі бар өңірлер қатарында Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе облысының оңтүстігі, Ақмола облысының оңтүстік-шығысы, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстары бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Өнер иесі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та балаларды ұзақ уақыт бойы қамауда ұстаған қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды MadeniPor...