19-21 қараша аралығында Алматыда жылы ауа райы сақталады: күндіз ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріледі. Астанада күн айтарлықтай салқын болады, ал 20 қараша күні таңертең тұман түсуі мүмкін. Сонымен қатар екі қалада да жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
+15 градусқа дейін көтеріледі: Алматыда күн қайта жылиды
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
19 қарашада Алматыда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +2…+4 градус, күндіз +12…+14 градус жылы болады.
20 және 21 қарашада да күн райы құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді деп болжанады. Түнде температура +5…+7 градус, күндіз +13…+15 градус жылылықты көрсетеді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді.
Астанада апта соңына қарай күн жылынады
Елордада 19 қарашада күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде температура -6…-4 градусқа дейін төмендейді, күндіз +1…+3 градус жылы болады. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрді құрайды.
20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасы түнде -4…-2 градус, күндіз +3…+5 градус болады.
21 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Түнде -3…-1 градус, күндіз ауа +5…+7 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады.