Күн ысып, найзағай ойнайды: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
574

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 17 маусым күні Қазақстанның үш ірі қаласы – Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.

Астана қаласында түнде ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Ал күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде жылдамдығы 2-7 м/с болса, күндіз 9-14 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +31…+33°C болады.

Алматы қаласында түнде жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 3-8 м/с, кей сәттерде 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C аралығында болады.

Шымкент қаласында түнде де, күндіз де ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C шамасында болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...