«Атып өлтіремін»: Мәслихат депутаты ауыл ақсақалын қорқытқан

Сурет ашық дереккөзден алынды

АЙМАҚТАР
2543

Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов Ахметауыл ауылында егде жастағы тұрғынды алдымен атып өлтіремін деп, кейін пышақпен қорқытқан, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қазан күні болған. Аудандық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізіп, алпыстағы адамды қорқытқан.

«21  қазан күні Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Ахметауылында белгісіз азамат, ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.  Анықталғандай, ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...