Қарағанды қаласының жекеменшік балабақшалардың бірінде өрт шығып, жалпы 88 адам құтқарылды, деп хаба...
Шымбұлақта ақша үнемдеудің 5 жолы
Madeniet Portaly
Әлемде тау курорттарында сырғанау және демалу арзан тұрмайды. Курорттар тариф жүйесін енгізерде маусымдық жүктемені, беткейдегі қауіпсіздікті және қонақтардың жайлылығын ескереді. Мәселен, еліміздегі ең танымал тау курорт – Shymbulak-та сырғанау құны сырғанау уақыты мен ұзақтығына, райдерлердің дайындық деңгейіне байланысты. Осы ерекшеліктерді түсіну “Шымбұлақта” сырғанауды саналы түрде жоспарлауға және қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
1. Сырғанауды сұраныс төмен маусымға жоспарлаңыз
Қаржы үнемдеудің ең айқын жолы – курортқа адам аз баратын күндерді таңдау. Көптеген халықаралық курорттар сияқты Shymbulak «low / regular / high season» жүйесі бойынша жұмыс істейді. Сұраныс төмен маусымда сырғанау бағасы орта есеппен 30%-ға дейін төмендейді.
2. Мереке күндері сырғанамауға тырысыңыз
25 желтоқсан мен 2026 жылдың 11 қаңтар арасында “Шымбұлақта” high season тарифі іске қосылады. High season тарифі – курорттағы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін клиенттер санын нарықтық жолмен реттеуге мүмкіндік беретін халықаралық тәжірибе. Курортқа high season кезеңінен басқа уақытта бару арқылы баға айырмашылығын анық сезуге болады. Сондай-ақ, high season кезінде жеңілдікті тарифтер қолданылмайтынын есте сақтаған жөн. Ал бес жасқа дейінгі балалар үшін кез келген уақытта және кез келген маусымда курортқа кіру тегін болып қала береді. Ол үшін кассадан балаларға арналған ски-пасс сатып алып, оған нөлдік абонементті жүктеу жеткілікті.
3. Өзіңізге сай сырғанау форматын таңдаңыз
Қонақтардың бәрі бірдей тау беткейде күні бойы сырғанамайды. Shymbulak таңғы, күндізгі және түнгі тарифтерін ұсынады және олар стандартты толық күндік ски-пасстан біршама арзан тұрады. Мысалы, егер сіз бірнеше сағат сырғанасаңыз немесе жұмыстан кейін курортқа барсаңыз, ски-пасс шығынын едәуір азайтуға болады.
4. Жаңадан бастаушыларға арналған тарифті пайдаланыңыз
Шаңғы немесе сноуборд тебуді енді үйреніп жатқандар үшін куротта арнайы «Новичок» тарифі бар. Осы тариф бойынша Ақ аю» (Белый мишка), «Жылан» (Змейка) және «Профессор» трассаларында үйренуге арналған, сонымен қатар сырғанау құны қарапайым ски-пасстан біршама арзан тұрады. Егер барлық трассада сырғанау жоспарыңызда болмаса, ыңғайлы нұсқа – осы.
5. Жеңілдік бағдарламаларын ескеріңіз
Жұмыс күндері (high season кезеңінен басқа) жасы бойынша зейнеткерлер (тек Қазақстан азаматтары) және мүмкіндіктері шектеулі адамдар курортқа тегін кіре алады. Растайтын құжаттың болуы міндетті. Көп балалы отбасылар, ардагерлер, еңбек еткен жылдары бойынша зейнеткерлер және басқа да әлеуметтік осал топтардың өкілдері жұмыс күндері билетті жеңілдікпен ала алады. Былтыр курорт әлеуметтік осал топтардың 190 мыңнан астам өкілін қабылдады. Бұл – қонақтардың жалпы санының 20%-ы.
Shymbulak өз тариф саясатын қонақтардың бос уақытына, демалыс жоспарына және сырғанау тәжірибесіне мейлінше сай келетіндей етіп жасайды. Тіпті 2025-2026 жылғы маусымдағы баға өзгерісін есепке алған күннің өзінде де Shymbulak тарифтері әлемдегі курорттардың бірқатарынан арзан болып қала береді.
Коммуникациялар департаменті
Т. +7706 420 95 16 Назерке Рзашова, n.rzashova@shymbulak.com
+7 777 190 30 26 Светлана Гамолина, s.gamolina@shymbulak.com