Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы әнші...
20 жылдықтар жалғасуда: Қайрат Нұртас Алматыда да стадион жинап концерт бермек
Фото: видеодан скриншот
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Алматы стадионында тағы да жеке концертін өткізетінін жариялады, деп хабарлайды МadeniPortal.kz.
Әнші Instagram парақшасында бөліскен ақпаратқа сәйкес, ауқымды шоу 2026 жылғы 4 қазанда Алматының Орталық стадионында өтеді. Концерт орындаушының сахнадағы кәсіби қызметінің 20 жылдығына арналады.
Мерейтойлық кеште әншінің көпшілікке танымал хиттері жанды дауыста орындалып, жаңартылған музыкалық бағдарлама ұсынылады. Ұйымдастырушылар көрерменге ауқымды шоу мен ерекше концерттік атмосфера уәде етіп отыр.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың бұған дейінгі ірі концерттерінің бірі 2025 жылғы 31 қазанда дәл осы Орталық стадионда өткен. Ауқымды музыкалық кешке мыңдаған жанкүйер жиналып, кей мәліметтер бойынша көрермен саны 35 мыңға жуықтаған.