“22 жыл бірге жүрдік”: Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімін қабылдады

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
834

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов топтан бөлініп, 22 жылдан кейін жеке шығармашылыққа кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әнші Бағлан Әбдірайымов бұл шешім топтан бөліну емес өзін шыңдау мақсатында қабылданған шешім екенін айта кеткен. 

Мен бір шешімге келдім. Хайырлысы сол болды. Бөліну емес, шыңдалу деп ойлау керек. Жеке бір шауып көру керек болып тұр. 22 жыл ажырамай жүр екенбіз, - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Әнші әрі кино продюсердің бұл күтпеген жаңалығы тыңдарман арасында талқыға түсті. Квартеттің тыңдармандары топтың тұтастығын сақтауды, ажырамағандарын қолдайтындарын жазған. 

«Бөлінбей-ақ, жеке орындаушы болып жүруге болмай ма?!», «Мүмкін, ән айтуды қоятын шығар», «Жігіттермен қырылып қалған», «Еркін бар кездегі жігіттер от еді», «Топтың сәні кетіп қалады. Көз үйреніп қалып еді», «Жеке шығармашылықпен айналыса бер, бірақ топты тастама. Әйтпесе, көптеген топтар орта жолда тарап, өміршеңдігін жоғалтып жатады», - деген пікірлер жазылған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында өртенген көлік ішінен адамның жанып кеткен мәйіті табылды, деп хабарлады MADENIPORT...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында аналары қыздарын 60 жастағы ер адамға жезөкше болуға сатқан, деп хабарлады ...