Мөлдір Әуелбекова енді тұрмыс құрмайтынын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
830

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялап, тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі жазды.

Ғажайып кештен естелік! Осы кеште, Айман Нұразхан әпкеме қарап отырып, әдемі шешімге келдім: Енді тұрмыс құрмаймын! Екі балам да өсіп қалды! – деп жазды ол.

 Сондай-ақ өнер иесі қызының әнші болуына қарсы екенін жеткізді.

Ақ қызым “әнші боламын” дейді. О бастан қарсы болғанмын. Бірақ, уақыт өте келе дауысын естіген сайын, харизмасы мен талантын сезген сайын көніп жатырмын. Себебі қабілеті менен 1000 есе артық! Менімен қалмай жұмысқа барады, – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Әлеуметтік желі қолданушылары әншіге сахнадан қол үзбеуді тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.

“Олай қатты кетпе, Алла бәрін көрсетеді”, “Аллам ойыңды өзгертетін мықты азамат жолықсын", "Ойыңды 360 градусқа өзгертіп жіберетін нағыз ер адам жолықса тұрмысқа қалай шығып кеткеніңді білмей қаласың", "Дұрыс баяғыда солай жасау керек еді", "Тұрмысқа шығу керек, жап-жассыз ғой әлі, әр әйел бақытты болуға жаралған", "Мөлдір айналайын олай кесіп айтпа, Алла біледі", – деп жазды олар. 

MADENI TV

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы от...

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәр...