Димаш Құдайберген әлемдік музыкадағы аңыз адамен дуэт жазып жатқанын хабарлады. Әнші бұл жаңалығымен...
“Халық сені кінәлайды”: Шаншардың актері Нұрсұлтан Жақсыгеннің жарына үндеу жасады
Фото: sn.kz
«Шаншар» театрының актері Дәурен Әбиев екі жылға сотталған Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдіріп, оның экс-әйеліне ақылын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Актердің айтуынша, Нұрсұлтан Жақсыгенді соттамау мәселесін қарастырған жөн. Ол Фаризаға ақылға келіп, істі басқа жолмен шешуге кеңес берді.
«Екеуін де жіті танымаймын. Бірақ, Фариза қарындасым, сен ақылды қызсың. Қазақтың қызысың. Сондықтан ақылға кел кішкене. Соттатпай-ақ қою керек еді деп жазып жатыр. Ертең түрмеде Нұрсұлтанға бірдеңе болса, халық сені кінәлайды. Нұрсұлтанның жағына өтіп кетеді бәрі. Кеше Нұрсұлтан үкім алғанда сіздің көзіңізден өкінішті байқадық. Руслан Өтепбайдың сөздерінен де өкінішті байқадық. Аппеляция болады ғой деп қайта-қайта айтып жатыр. Сотталғанын қалап тұрған жоқ Руслан да. Сондықтан ақылға келіп, сотталмайтын жағын қарастырғаныңыз дұрыс. Екі балаңыздың әкесі, небір тәтті күндерді өткізген жарыңыз бәрібір. Екі балаңыз үлкен қызметке келетін болса, алдынан шығып тұрады "әкесі сотталған" деп. Қосылғандарыңыз жақсы. Қосылмасаңыз соттатпай алып қалыңыз», - деді ол.
Осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың өнер иесін өнер иесін жақтап жазған жазбасын бөліскен болатынбыз. Әлеуметтік желіде бұл жазбаларға пікірлер екіге бөлінді.